АҚШ коронавируспен күреске 484 млрд доллар бөледі

851

Осылайша қабылданған шаралар пакетінің көлемі шамамен 3 трлн долларға жетті.

АҚШ коронавируспен күреске 484 млрд доллар бөледі

Құрама Штаттар Конгресінің өкілдер палатасы Covid-19 пандемиясының салдарын еңсеру мақсатында шамамен 500 млрд доллардай қаражат бөлу керек деп шешті. Бастаманы заң шығарушылардың 388-і қолдаса, 5-еуі қарсы болған.Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Бұған дейін осы құжатты Сенат мақұлдады. Енді ол Ақ үй басшысы Дональд Трамптың қол қоюына жіберіледі. 

Ресми дерек бойынша, 300 млрд доллары шағын бизнеске арналған несие бағдарламасына бағытталады. Бұрын Конгресс бұл бағдарламаға 350 млрд доллар шығындаған болатын, бірақ сәуірдің ортасына қарай қаражат таусылып қалды. Америкалық президент Дональд Трамп заң жобасын қолдап, оның арқасында экономикалық қиыншылыққа тап болған америкалық компаниялар енді миллиондаған қызметкеріне жалақы төлей алатынын жеткізді.Трамптың сөзінше, кей штаттар қазір бұрынғы қалпына келіп, кей компаниялар жұмысын бастап жатқан көрінеді. 

Вашингтон наурыз айының соңында экономиканы ынталандыру үшін 2 трлн доллардан астам қаржы тағайындаған еді. Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, елдегі вирус жұқтырғандардың саны 800 мыңнан асып, оның шамамен 50 мыңы қайтыс болған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу