АҚШ коронавирустың қайдан шыққаны туралы дерек барын мәлімдеді

865

Наурыз айының соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың пайда болуын анықтау үшін Ухань қаласына мамандарын жіберген болатын.

АҚШ коронавирустың қайдан шыққаны туралы дерек барын мәлімдеді

АҚШ-тың барлау қызметі COVID-19-дың қалай пайда болғанын анықтауға көмектесетін мәліметтер бар деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Газеттің хабарлауынша, барлау өкілдерінің қолында ақпарат әлі зерттелмеген, оған компьютерлік талдау жүргізілуі керек.

Бұған дейін Қытайдың Сыртық істер министрлігінің өкілі Чжао Лицян АҚШ билігінен Вирджиния штатында 2019 жылдың шілдесінде белгісіз вирустың өршуін түсіндіруді талап еткен болатын. Қытай билігі бұған дейін коронавирус Форт-Детрик деп аталатын АҚШ-тың әскери зертханасынан таралуы мүмкін деп бірнеше рет мәлімдеп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан халықаралық тергеу жүргізуді сұраған болатын. 

Ресми Вашингтон SARS-CoV-2 коронавирус Қытайдан шықты деп айтып келеді. Бейжің болса, вирустың зертханадан шыққанын жоққа шығарып келеді. Наурыз айының соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың пайда болуын анықтау үшін Ухань қаласына мамандарын жіберген болатын. Ұйымның сол кездегі мәліметі бойынша, қауіпті дерттің зертханадан шыққаны расталмады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу