АҚШ Кубаға қарсы санкция жариялайды

714

Бұған дейін Куба билігі Коммунистік партияға қарсы басталған наразылықтардан кейін төтенше жағдай режимін жариялаған еді.

АҚШ Кубаға қарсы санкция жариялайды

АҚШ билігі Куба шенеуніктеріне қарсы санкциялар салады, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. Вашингтонның пікірінше, олар наразылық акцияларын тоқтатуға атсалысқан. 

"Біз репрессия ұйымдастырған режим өкілдеріне қарсы қатаң санкциялар енгіземіз.Кубаның ресми тұлғалары зорлық-зомбылық, қуғын-сүргіндер және заң бұзушылықтар үшін жауап беруі тиіс", – деді Мемлекеттік департаменттің өкілі. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Куба билігі Коммунистік партияға қарсы басталған наразылықтардан кейін төтенше жағдай режимін жариялаған еді. Куба әскерлері мен қауіпсіздік күштерінің қосымша бөлімшелері ел астанасы Гаванаға енгізілді. Қазіргі билікке қарсы шыққандар сайлаудың әділ өткізілуін және әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етті. 

Куба президенті Мигель Диас-Канел қазіргі биліктің жақтастарын көшеге шығуға және арандатуларға қарсы тұруға үндеген еді. Оның ойынша, наразылықтарды жалдамалылар ұйымдастырып отырған көрінеді. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан Куба билігіне наразылық білдірушілерге қарсы күш қолданбауға кеңес берді.

Табиғат Нұрболат

Фото: pejournal.online

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу