АҚШ Гаванадағы америкалық елшіліктің қызметкерлеріне дыбыстық шабуыл үшін Кубаның 15 дипломатын елден қуу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Шенеуніктің айтуынша, шешім Кубаның дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін қабылданған. Ал жанжал өткен аптада басталды.
Гаванадағы АҚШ елшілігінің 21 қызметкері аяқ астынан құлақтары ауырып, естімей, бастары айналып, бойларын әлсіздік билеп, ұйқылары қашады. Вашингтон бірден өз мамандарының арнайы шабуылға ұшырағанын мәлімдейді. Бірақ ресми Гавана оқиғаға еш қатысы жоқ екенін айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу