АҚШ Күрдістанның тәуелсіздігіне қарсы

762

АҚШ Күрдістанның тәуелсіздігіне қарсы

Ирактағы Күрдістанның тәуелсіздік туралы референдумын Америка құрама штаттары мойындамады, деп хабарлайды 24.kz.

"Саяси науқан біржақты, сондықтан нәтижесі заңсыз", – дейді Ақүйдегілер. Сондай-ақ олар ресми Бағдад пен референдумға қарсы көрші елдерді ұстамдылық танытып, біржақты күш қолданудан аулақ болуға шақырды.

Айта кетейік, Ирактағы Күрдістанның тәуелсіздік туралы референдумы 25 қыркүйекте өтті. Автономдық аймақтың егемендігін жергілікті халықтың 92,7%-ы қолдаған. Алайда ресми Бағдад оны заңсыз деп таныды. Референдумның өтуіне Түркия, Иран, АҚШ және Біріккен ұлттар ұйымы да қарсы болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу