АҚШ Кувейттен елшілік қызметкерлерін шұғыл көшірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Америкалық CBS News телеарнасының дерегінше, дипломатиялық миссия өкілдеріне серверлердегі құпия ақпаратты өшіріп, барлық маңызды деректі жою тапсырылған.
Бұған дейін Кувейт әскері Ираннан ұшырылған зымыранды қағып түсіргенін мәлімдеді. Алайда зымыран сынықтары елді мекенге құлап, бір көлік бүлінген. Зардап шеккендер жоқ.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Кувейттегі елшілігінің жұмысын тоқтататынын хабарлады.
"АҚШ қызметкерлері арасында қаза тапқандар туралы хабарлама болмаса да шетелдегі АҚШ азаматтарының қауіпсіздігі мен олардың қорғалуына басымдық беріледі", – делінген ресми мәлімдемеде.