АҚШ Қытай алюминий саласын субсидиялады деп ДСҰ-ға шағым түсірді

1084

АҚШ Қытай алюминий саласын субсидиялады деп ДСҰ-ға шағым түсірді

АҚШ президентінің әкімшілігі Барак Обама  алюминий саласын субсидиялаған Қытайдың үстінен Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді, деп жазады The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап "Интерфакс".

Ақпаратқа сүйенсек, Вашингтон  Қытайды алюминий өндіруші ірі кәсіпорындарға  мемлекеттік банктер арқылы әдейі төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен үлкен көлемде несие берді, сондай-ақ оларға көмір және төмендетілген бағамен электр энергиясын жеткізді деп айыптамақшы.

Дегенмен АҚШ-тың сайланған президенті Трамп сәрсенбі күні өткен баспасөз жиынында  Бейжіңмен сауда қатынасы  әкімшілік үшін басым мәселелердің бірі екенін тілге тиек еткен. Дональд Трамптың айтуынша,  АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда теңсіздігі айтарлықтай көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу