АҚШ Қытай компанияларына қарсы санкциялар енгізді

960

АҚШ сауда министрлігі 37 құрылымға, оның ішінде ресейлік, беларусьтік әрі 30-ға жуық Қытай фирмаларына қатысты экспорттық шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады.  

АҚШ Қытай компанияларына қарсы санкциялар енгізді Фото: eadaily.com

Бұл туралы Федералды тізілімде - америка үкіметінің ресми құжаттар жинағында жарияланған хабарламада айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Хабарламада айтылғандай, АҚШ сауда министрлігінің құрамына кіретін Өнеркәсіп пен қауіпсіздік бюросы қара тізімге "37 құрылымды қосады".

Олардың қатарында Ресейде орналасқан DMT Electronics фирмасы, сондай-ақ беларуссиялық DMT Trading LLC бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу