АҚШ Қытай тауарларына баж салығын тағы да көтермек

732

Өткен жылы АҚШ-қа Қытайдан 505,5 млрд доллардың тауары келген, ал Қытайға тасымалданған америкалық импорт құны небәрі 129,9 млрд доллар.

АҚШ Қытай тауарларына баж салығын тағы да көтермек

АҚШ Қытай тауарларына баж салығын тағы да арттырғысы келеді. Осы жолы оны  25%-ға көтеру жоспарланған. Тізімге енетін дүниенің жалпы құны - 200 млрд доллар. Бұл хабарды дербес ақпарат көздеріне сүйенген "Блумберг" агенттігі таратып отыр, деп хабарлайды Atameken TV.

Айтуларынша, импорт тарифын 10 пайызға көтеру жеткіліксіз. Ақ үй мұндай қысымды  Бейжіңдегі билікті келіссөзге шақыру мақсатында жасап отыр. Дегенмен америкалық сенаторлар 26 шілде күні АҚШ-тан тыс аймақта өндірілген жалпы саны 1660 болатын тұрмыстық техника мен химикат тарифын азайту немесе алып тастау туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Осыған қарамастан, Трамп қажет болса, Қытайдың барлық импортына баж салығын көтеремін деп сес көрсетіп отыр.

Өткен жылы АҚШ-қа осы елден 505,5 млрд доллардың тауары келген, ал Қытайға тасымалданған америкалық импорт құны небәрі 129,9 млрд доллар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу