АҚШ Қытай тауарларына 200 млрд доллар көлемінде баж салығын салуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.
"Уолл Стрит Джорналдың" хабарлауынша, қазір тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр. Ол дайын болысымен, президент Дональд Трамптың тиісті қаулысы шығады. Қытай өнімдеріне салынатын баж салығы 10 пайыз болады деген есеп бар.
Жалпы Америка мен Қытай арасындағы сауда соғысы соңғы айларда қатты ушығып кетті. Шілде айында АҚШ Бейжіңді әділ сауда жүргізбейді деп айыптап, 818 тауарына 25 пайыз көлемінде баж салығын салу туралы шешім қабылдаған. Осылайша, Вашингтон ел бюджетіне 34 млрд доллар қосымша кіріс түсірген еді. Бұған қарымта ретінде Қытай да АҚШ-тан келетін бірсыпыра тауарға баж салыған арттырған болатын.