АҚШ Қытайдың 10 шақты шенеунігіне санкция салмақ

722

Қарашада Қытай парламенті Гонконгқа қатысты жаңа резолюция қабылдаған еді.

АҚШ Қытайдың 10 шақты шенеунігіне санкция салмақ Фото: reuters.com

Құрама Штаттар билігі Қытайдың 10 шақты шенеунігіне қарсы санкция жариялайды. Бұған қытайлық биліктің Гонконгтағы заң шығаратын кеңестің 4 оппозициялық депутатын қызметінен босатуы себеп болды. 

Ресми дерек бойынша, шектеу 14 адамға қарсы енгізілуі мүмкін. Олардың қатарында ұлттық өкілдердің жалпықытайлық жиналысы мен Коммунисттік партияның мүшелері бар. Экономикалық санкциялар 7 желтоқсаннан бастап күшіне енуге тиіс.

Еске сала кетсек, қарашада Қытай парламенті Гонконгқа қатысты жаңа резолюция қабылдаған еді. Құжат бойынша, Гонконгтың заң шығарушы кеңесінің барлық мүшелері "отансүйгіштік" деп бекітілген жаңа талаптың өлшемі арқылы тексеріледі. Оған сәйкес келмегендер жұмыстан босатылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу