АҚШ Қытайдың Африка аумағындағы ірі келісімшартын бұзды

221

Ресми Вашингтон Қытайдағы Норинко компаниясы мен Конго Демократиялық Республикасының (КДР) билігі арасында мәміле жасауға кедергі келтірді. 

АҚШ Қытайдың Африка аумағындағы ірі келісімшартын бұзды Фото: eadaily.com / ru.freepik.com

Жоба бойынша қытайлықтар Африка елінің аумағында мыс пен кобальт өндіруі керек болған, деп жазады Inbusiness.kz cайты Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Осылайша, Штаттар одақтас компанияларға стратегиялық маңызы бар қазбаларға қол жеткізуге көмектесті. Вашингтон оларды бақылауды Бейжіңге бергісі келмейді.

Норинко болса Chemaf Resources жеке тау-кен компаниясынан Mutoshi мен Etoile Конго кен орындарын сатып алуды жоспарлады. Бірақ америкалықтар осындай қызметке рұқсат берумен айналысатын DRC Gecamines компаниясына қысым жасаған көрінеді.

Нәтижесінде Gecamines біртүрлі себептермен – тараптар мұндай мәміле туралы уақтылы хабардар болмады деген сылтаумен сатылымға вето жариялады, бірақ соңғысы дайындық сатысында болды. Сонымен бірге, келісімді бұған дейін КДР тау-кен министрі Кизито Пакабомба мақұлдаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу