АҚШ қытайлық БАҚ-қа қатысты шаралар қабылдайды

897

Америкалық биліктің ойынша, ҚХР билігі БАҚ-ты өзінің қолшоқпарына айналдырған. 

АҚШ қытайлық БАҚ-қа қатысты шаралар қабылдайды

Ресми Вашингтон "Синьхуа" агенттігі, CGTN телеарнасы, Қытайдың халықаралық радиосы, "Чжунго жибао" мен "Жэньминь жибао" басылымдарының Құрама Штаттар территориясында тіркелу рәсімін қатаңдататын болды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Дереккөзге сүйенсек, енді қытайлық ақпарат құралдарына шетелдік елшіліктерге арналған шарттар қойылмақ. Яғни олар АҚШ-тағы қызметкерлерінің тізімі, кадрлық ауыс-түйіс және меншіктері туралы мәліметті Мемлекеттік департаментте тіркеп отыруға тиіс.

Дональд Трамп әкімшілігі мұндай қадамға тектен-тен барып отырған жоқ. Америкалық биліктің ойынша, ҚХР билігі соңғы кезде БАҚ-ты қатаң бақылауға алып, Коммунистистік партияның қолшоқпарына айналдырған.

Мемлекеттік департамент өкілдерінің айтуынша, олар жаңа ереже туралы құжатты Бейжің билігіне жақын күндері хабарламақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу