АҚШ Қытайға Гонконг үшін санкция салады

691

Соңғы айларда қос ел арасындағы шиеленіс өршіп кетті. 

АҚШ Қытайға Гонконг үшін санкция салады

Құрама Штаттардың қазіргі президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О Брайен Қытайды Гонконгқа қатысты міндеттемелерді орындап отырған жоқ деп айыптап, санкция салатынын мәлім етті.

"Бейжіңнің соңғы әрекеттері, яғни Гонконгтың заң шығарушы кеңесінен демократияны қолдайтын заң шығарушыларды алып тастауы мынаны білдіреді: Қытай халықаралық міндеттемелерін орындамай отыр. Ондағы билік халыққа берген уәдесінде тұрмады", –деп жазылған кеңесшінің ресми мәлімдемесінде.

Соңғы айларда АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс өршіп кетті. Бұған бірнеше себеп бар. Нақтырақ айтқанда, сауда соғысы, Гонконгтағы жағдай, ҚХР-дағы өзге ұлт өкілдері құқығының тапталуы, коронавирус пандемиясы сияқты факторлар қос елдің қарым-қатынасына кері әсерін тигізді. Осыған байланысты Вашингтон Бейжіңге бірқатар санкция енгізетінін жариялады. Ал Қытай болса, өзіне тағылған айыптарды мойындамай, елдің ішкі істеріне араласпауға үндеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу