АҚШ Қытайға Гонконгқа байланысты санкция салады

1256

Шектеу шаралар әлі де мақұлдау процесінде, сондықтан санкциялардың жалпы мазмұны өзгеруі мүмкін.

АҚШ Қытайға Гонконгқа байланысты санкция салады

АҚШ әкімшілігі Гонконгтағы жағдайға байланысты Қытайға қарсы жаңа санкциялар енгізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters дерегіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес,Қытай билігінің жеті өкіліне қарсы қаржылық шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті  халықаралық компаниялар үшін Гонконгта іс жүргізуге қатысты арнайы ұсынысын жариялайды.
Шектеу шаралар әлі де мақұлдау процесінде, сондықтан санкциялардың жалпы мазмұны өзгеруі мүмкін. 

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Вашингтонға келген Германия канцлері Ангела Меркельмен бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында Гонконгтағы жағдай нашарлап бара жатқанын айтқан еді. Ол Қытайды осы арнайы әкімшілік аймаққа қатысты міндеттемелерді орындамады деп айыптады.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу