АҚШ Қытайға Ресей мұнайы үшін салық салуы мүмкін

183

Бұл туралы Fox News хабарлады.  

АҚШ Қытайға Ресей мұнайы үшін салық салуы мүмкін Фото: piie.com

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Ресейден мұнай алғаны үшін Қытайға қосымша баж салығы салынуы ықтимал екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әзірге шешім әлі қабылданбаған, бірақ президент Дональд Трамп бұл мәселені қарап жатыр.

Вэнстің сөзінше, Трамп Украинадағы соғысты АҚШ қаржысымен жалғастырғысы келмейді, бірақ Еуропа қару сатып алса, оған қарсы емес. Тамыздың басында АҚШ сенатының комитеті Украинаға 1 млрд доллар көмек бөлуді мақұлдады.

Financial Times дерегінше, ЕО елдері Путин мен Трамптың 15 тамыздағы Аляскадағы кездесуіне дейін Мәскеуге қысымды күшейтуді ұсынуда. Брюссель бұғатталған ресейлік 195 млрд еуроны Украинаға беруді де қарастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу