АҚШ қытайлық хакерлерден қауіптеніп отыр

1486

Қытайлық кибершабуылдан әлемде 250 мыңға жуық адам зардап шеккен.

АҚШ қытайлық хакерлерден қауіптеніп отыр

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі "Қытаймен байланысы бар" ірі кибершабуылдармен күресу үшін арнайы жұмыс тобын құруы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты таратқан CNN өз ресми дереккөзіне сүйеніп отыр. Телеарна  арнайы топты немесе "Біріккен үйлестіру тобын" (UCG) ұлттық қауіпсіздік кеңесі құрғанын хабарлады. Ол ведомствоаралық құрылым болып саналады. Оның құрамына Федералды тергеу бюросы (ФБР), киберқауіпсіздік және инфрақұрылым қауіпсіздігі агенттігі (CISA) және тағы басқа мекеме кіреді.

АҚШ-та "қытайлық" кибершабуылдан 30 мыңға жуық клиент, ал әлемде 250 мыңға жуық адам зардап шеккен, олардың саны бұдан да көп болуы ықтимал екен.

Осы аптада Microsoft компаниясы өзіне кибершабуылдар жасалғанын мәлімдеді. Бұл мәселеге Джо Байден әкімшілігі алаңдап отыр.

"Бізге қауіп төніп тұр. Бұл серверді пайдаланатындардың барлығы – үкімет, жеке сектор, ғылыми қауымдастық жағдайды қалыпқа келтіру үшін қазір әрекет етуі керек", - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки.

CISA кибершабуыл қаупі сейілмесе, "қастық ойлаушылар барлық корпоративтік желіні басқаруы мүмкін" деген пікірде.

Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби журналистерге қорғаныс министрлігі бүгінде желі кибершабуылға қаншалықты деңгейде төтеп бере алатынын анықтау үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, осы аптада Microsoft компаниясы өзіне тиесілі серверлердегі бағдарламалық жасақтамасының әлсіз тұстары анықталғанын хабарлаған еді. Оны "қытайлық" хакерлер өз мақсатына пайдалануы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу