Бұл туралы inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Америка Құрама Штаттары 6 ақпанда Оңтүстік Қытай теңізіндегі Филиппин Жағалау күзеті кемесінің экипажына қарсы лазерлік құрылғыны қолдану жағдайында біздің Филиппиндік одақтастарымыздың жағында тұр", - делінген Мемлекеттік департаменттің хабарламасында.
Сонымен қатар, АҚШ тарапы ҚХР-дың соңғы әрекеті "арандатушылық әрі қауіпті" деп бағалады.
"Америка Құрама Штаттары теңіздегі ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті сақтауда біздің Филиппиндік одақтастарымыздың жағында тұр және оңтүстік Қытай теңізіндегі Филиппиндік әскерилерге қарулы шабуыл 1951 жылғы АҚШ пен Филиппин арасындағы өзара қорғаныс шартының төртінші бабына сәйкес, қорғаныс саласындағы өзара міндеттемелерді іске қосуға әкелетінін растайды", - деді Мемлекеттік департаменттің өкілі Нед Прайс.
Бұған дейін Филиппин Қытайға ҚХР жағалау күзетінің Филиппиндік кемеге қарсы лазер қолдануына байланысты наразылық білдіргені хабарланған болатын.