АҚШ Қытаймен сауда соғысын жалғастырмақ

565

Қос ел арасындағы сауда шиеленісі 2017 жылдың соңында бұрынғы президент Дональд Трамптың билігі тұсында өрши түскен еді.

АҚШ Қытаймен сауда соғысын жалғастырмақ

АҚШ-тың сауда өкілі Кэтрин Тай президент Джо Байденнің әкімшілігі Қытайға қатысты сауда саясатын пысықтап жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNBC сайтына сілтеме жасап.

Кэтрин Тай Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда қатынастарының маңыздылығын атап өтіп, АҚШ "Қытайдың әділетсіз сауда саясатына және оның америкалық бизнес пен жұмысшыларға кедергі келтіретін әрекеттеріне" қарсы күресті жалғастыратынын айтты.

Қос ел арасындағы сауда шиеленісі 2017 жылдың соңында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың билігі тұсында өрши түсті. Қытайдан әкелінетін күн батареялары мен кір жуғыш машиналардың экспорттық тарифтерінен басталған дау технология мен қаржы саласына ұласып кетті.  

Бірақ шиеленіске қарамастан АҚШ пен Қытай арасында алыс-беріс көлемі өсуде. Америка Құрама Штаттарына Қытайдан экспорталатын тауар көлемі 2021 жылдың алғашқы жеті айында 36,9%-ға, ал импорт 50,4%-ға өсті. Қытайдың АҚШ-пен арадағы сауда балансының оң сальдосы 35,42 миллиард долларға дейін өсті.

Джо Байден жеті ай бұрын президент қызметіне кірісті, бірақ әлі күнге дейін оның әкімшілігі Қытайға қатысты сауда саясатының қалай жүргізілетінін шешкен жоқ. Тамыздың басында АҚШ-тың кейбір корпорациялары бұл кідіріске наразылығын білдіріп, билікті Қытаймен арадағы келіссөздерді қайта бастауға және импорт тарифтерін төмендетуге үндеді. Кәсіпкерлердің пікірінше, Қытайға қатысты сауда саясатының бекітілмеуі Америка Құрама Штаттары экономикасының дамуына кедергі келтіріп отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: goldenbrokers.my

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу