АҚШ Лукашенкоға қарсы санкцияларға қосылудан бас тартты

727

Лондон мен Оттава саясаткерге қарсы шектеу шараларын қабылдаған болатын.  

АҚШ Лукашенкоға қарсы санкцияларға қосылудан бас тартты

Құрама Штаттар Британия мен Канаданың Беларусь президентіне қарсы санкциясына қосылудан бас тартты. Бұған дейін Оттава Александр Лукашенко, оның ұлы Виктор мен басқа да үкімет мүшелеріне қарсы шектеулерді енгізген болатын. Ресми Лондон да осындай қадамға барды, қара тізімге енгендердің Британияға келуіне тыйым салды. Бұл санкциялар адам құқығы тапталғаны үшін жарияланып отыр. 

19 тамызда Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель ЕО Белоруссияның бірқатар ресми тұлғасына санкция салатынын мәлім еткен болатын. Одақтың Сыртқы істер министрлері осыған байланысты талқылаулар өткізді.Әзірге тараптар ортақ шешімге келген жоқ.
31 тамызда Литва, Латвия, Эстония елдері Лукашенко мен елдің 23 шенеунігіне қарсы санкция енгізді. Оларға осы үш елдің аумағына кіруге тыйым салынды.

9 тамызда Беларусьта өткен саяси тартыстан кейін бірқатар қалада ереуілдер басталған еді. Билік бас көтерулерді заңсыз деп таныды. Наразы топты тарату үшін  құқық қорғаушылар көзді жасаурататын газ, суатқыш, резеңке оқ қолданған болатын. Кейін олар бұл әрекеттерін доғарды. Ресми дерек бойынша, 7 мыңға жуық адам қамауға алынған. Қақтығыстар салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын,130 құқық қорғаушы жарақат алып,  3 ереуілші қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу