Атап айтқанда, оларға кокаинді заңсыз тасымалдау, пулеметтер мен жарылғыш заттарды сақтау, сондай-ақ АҚШ-қа қарсы қарулы әрекеттерді ұйымдастыру үшін сөз байласу айыптары тағылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы АҚШ-тың бас прокуроры Пам Бонди мәлімдеді.
– АҚШ Әділет министрлігі атынан президент Дональд Трампқа америкалықтардың қауіпсіздігін қорғауда батыл қадам жасағаны үшін алғыс білдіремін. Сондай-ақ аталған күдіктілерді ұстау бойынша операцияны сәтті жүзеге асырған әскери қызметкерлерге ризашылығымды білдіремін, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осыған дейін Венесуэла вице-президенті Делси Родригес үкіметте президент Николас Мадуро мен бірінші ханым Силия Флорестің нақты қайда екені жөнінде ақпарат жоқ екенін хабарлаған болатын.