АҚШ маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жариялады

683

АҚШ әкімшілігі елде аталған аурудың өршуіне байланысты бейсенбі күні ресми түрде денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады The Hills.

АҚШ маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жариялады

"Біз бұл вируспен күресу үшін жаңа қадамдар жасауға дайынбыз. Әрбір американдықты осы вируспен күресуге, байыппен қабылдауға шақырамыз", – деген ойымен АҚШ Денсаулық сақтау министрі Хавьер Бесерра бөлісті деп жазады, inbusiness.kz  Интерфакс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша, АҚШ-та маймыл шешегіне шалдыққан 6,6 мыңға жуық науқас тіркелген. Аурудың таралу ошағы болып Нью-Йорк, ал одан кейін Калифорния тұр.

Өткен айда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешек ауруын халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады. Осыдан кейін Ақ үй басшылары денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірге вируспен күресудің келесі қадамдарын талқылауға кірісті.

Маймыл шешек ауруы – Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездесетін сирек жұқпалы ауру. Оның белгілері – жүрек айнуы, адам денесінің қызуы, бөртпе, қышыну және бұлшықеттердің ауырсынуы болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу