"Радияциялық бақылауды ұйымдастыру" тақырыбы бойынша ұйымдастырылған курс Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жібек Жолы" кеден бекетінің базасында өткізілді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайты.
Оқу бекітілген бағдарламаға сәйкес жүргізілді, практикалық сабақтарда радиоактивті изотоптарды іздеуге және салыстыруға арналған "Аспект" Ғылыми – өндірістік орталығы өндірген МКС-А03-1 маркалы радиометрлік - спектрометр секілді радиациялық бақылау құралдарымен жұмыс жасалды. Курсқа қатысушылардың міндеті – алдан-ала жасырылған жаттығу радиоактивті көздерін табу және анықтау болды.
Тест түріндегі алдын-ала және қорытынды оқыту нәтижелері тыңдаушылар білімінің жоғарылағандығын көрсетті. Анонимді сауалнаманың нәтижесінде қатысушылар осы бағытта жұмысты жалғастыруға тілек білдірді.
2019 жылғы 19-23 тамыз аралығында Түркістан облысындағы "Жібек Жолы", "Қазығұрт", "Қапланбек", "Б. Қонысбаев", "Атамекен" және "Сарыағаш станциясы" кеден бекеттерінің 12 кеден қызметкеріне курсты игеріп, біліктілігін сәтті арттырғаны үшін сертификаттар берілді.