АҚШ Мәскеу мәлімдемесінен сескеніп, ядролық соғысқа дайындықты бастап кетті

1117

Америка Құрама Штаттары Еуропаға жаңартылған B61-12 тактикалық бомбаларын жіберуді жеделдетті, енді ядролық бомба желтоқсан айында НАТО базаларында болуы керек.

АҚШ Мәскеу мәлімдемесінен сескеніп, ядролық соғысқа дайындықты бастап кетті Фото: USAF

Бұл туралы бүгін Politico газеті дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Ақпарат НАТО-ның Брюссельдегі жабық кездесуінен алынды, онда америкалық шенеуніктер бомбалар Еуропаға жоспарланған уақыттан бұрын келеді деп мәлімдеді. Бастапқы жоспар бойынша оларды 2023 жылдың көктемінде жеткізу керек болған.

Басылым атап өткендей, Вашингтонның Еуропалық қоймалардағы ескі бомбаларды жаңаға ауыстыру туралы шешімі Ресейдің Украинада ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі артып, қақтығыстың жаңа деңгейге шығуына байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу