АҚШ, Мексика, Канада жаңа сауда келісіміне қол қойды

2604

Мақсат – сауда тапшылығын азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашу.

АҚШ, Мексика, Канада жаңа сауда келісіміне қол қойды

АҚШ, Канада, Мексика НАФТА-ның орнына жаңа келісім жасап, үшжақты шартқа қол қойды, деп хабарлайды Atameken Business.

Енді аталған елдер Солтүстік Америка аймағында жылдық айналымы кемі 1 трлн доллар болатын сауданың көрігін қыздырады. Дегенмен 24 жыл бойы жұмыс істеген НАФТА-ны  жаңғырту оңайға түспеді. Енді оның атауы – АҚШ-Мексика-Канада келісімі деп өзгереді. Мақсат – сауда тапшылығын азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Жергілікті үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс әлеуметтік ахуалы орташа топтың жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Осы өңірде мекендейтін жарты млрд халықтың тұрмысын түзеу мүмкіндігі артады. 

"Бұл сауда тарихындағы ең керемет келісімдердің бірі. Ең алдымен өнеркәсіп өндірісі, сосын фармацевтика, цифрландыру саласы жанданатын болады. Біз бірлесе отырып, тек Солтүстік Америка аймағы ғана емес, күллі әлем саудасын жаңғыртуға өз үлесімізді қосамыз",– дейді АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтхайзер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу