АҚШ Мексикамен шекарада жаңа қабырға салуға кірісті

150

Оның ұзындығы 11 шақырым болады. 

АҚШ Мексикамен шекарада жаңа қабырға салуға кірісті Фото: BBC

АҚШ Мексикамен шекарадағы қоршауды күшейту мақсатында жаңа қабырға тұрғызуды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Осылайша бұл елдің оңтүстік-батысындағы шекара бойында салынғалы жатқан екінші қабырға болмақ.

АҚШ-тың Кеден және шекара қызметінің мәліметінше, ұзындығы шамамен 11 шақырымға созылатын қабырға Нью-Мексико штатында салынып жатыр. Жоба шекарадағы қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттыру жоспары аясында қолға алынған.

Басылымның жазуынша, бұған дейін елдің Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Аризона мен Нью-Мексико штаттарында шамамен 58 шақырымға созылатын жаңа шекара қабырғасын салуға рұқсат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу