АҚШ мектептеріне әуеден жанармай төгілді

553

Салдарынан 60 шақты адам жарақат алған.

АҚШ мектептеріне әуеден жанармай төгілді

Оқиға Лос-Анджелес қаласындағы мектептердің территориясында болған. Бұл туралы Los Angeles Times басылымы хабарлады. Зардап шеккендердің барлығы да ауруханаға жеткізіліп, оларға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Жергілікті биліктің айтуынша, жанармай бес бастауыш және бір жоғарғы сынып мектептеріне шашылған. 

Лос-Анджелестің біріккен мектептік округі полициясының дерегіне сүйенсек, ауруханаға жеткізілгендердің барлығы да жеңіл-желпі жарақат алған. Ал ұшақтың жанармайды әуеден лақтыруы ұшақтың төтенше жағдайда қонуы кезінде орын алған. Нақтырақ айтқанда, Delta Air Lines әуе компаниясының Boeing 777-200 деп аталатын ұшағы Шанхайға ұшпақ болған екен. Бірақ қозғалтқыштағы ақауға байланысты Лос-Анджелеске қайтуына тура келген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу