АҚШ Мемхатшысының қару айналымы жөніндегі көмекшісі Қазақстанға келеді

230

АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару айналымын бақылау, тежеу және тұрақтылық саясаты жөніндегі көмекшісі Мэллори Стюарт келесі аптада Астанаға келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ Мемхатшысының қару айналымы жөніндегі көмекшісі Қазақстанға келеді Фото: Ашық дерек көздерінен

Сапар 22-28 маусым аралығына жоспарланған.

"Астанада Мемлекеттік хатшының көмекшісі Стюарт АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қазақстанның Қорғаныс министрлігі арасында ядролық тәуекелді төмендету жөніндегі ұлттық орталықтың (NNRRC) қауіпсіздік желісі бойынша келісімге қол қояды", – делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасында.

Бұл келісім АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың әлуетін және тәуекелдер мен жаһандық тұрақтылықты төмендетуге жалпы қызығушылықты көрсетеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Стюарт одан кейін ядролық қарусыздануды бақылау жөніндегі халықаралық серіктестіктің (IPNDV) он жылдығына қатысу үшін Женеваға барады.

Онда ол ядролық қарусыздануды бақылаудың болашағы туралы сессияда сөз сөйлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу