Қазақстанға алғаш жұмыс сапарымен келе жатқан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен әуежайдан түсірілген суретін твиттерде жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бұл менің Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапарым және мен Орталық Азиямен ынтымақтастық қарым-қатынасымыздың ары қарай дамуын тағатсыздана күтемін. Сол жақтан Үндістанға G20 кездесуіне барамын", - деп жазды ол твиттерде.
28 ақпан күні келетін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.