АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Орталық Азия елдеріне ресми сапармен барады

452

Бұл туралы елдің мемлекеттік департаменті хабарлады.  

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Орталық Азия елдеріне ресми сапармен барады Фото: aa.tr

АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшысының көмекшісі Самир Пол Капур Орталық Азия елдеріне өңірлік турне жасайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол 5-12 тамыз аралығында Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға ресми сапармен бармақ.

"Сапар барысында көмекші мемлекеттік органдардың өкілдерімен және бизнес қауымдастық жетекшілерімен кездесіп, АҚШ әкімшілігінің басым бағыттарын ілгерілету мәселелерін талқылайды.

Атап айтқанда, өңірдегі сауда көлемін ұлғайту, инвестициялық және кәсіпкерлік мүмкіндіктерді кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу