АҚШ әскерилері Мексикамен шекарада мигранттарға қарсы көз жасаурататын газ қолданды, деп хабарлайды 24.kz.
Тихуана қаласының маңында 150 ден астам мигрант Құрама Штаттар аумағына заңсыз өтпек болған.
Америка билігі бұл ағынды тоқтату үшін үш мәрте көз жасаурататын газ қолданған. Салдарынан мигранттар зардап шеккен. Олардың қатарында әйелдер мен балалар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі бар.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Құрама Штаттардың аумағына өту үшін Мексикаға мигранттардың бірнеше керуені келген еді. Олардың саны 10 мың адамнан асып жығылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу