АҚШ министрлігінің қазақстандық бидай өндірісіне қатысты болжамы өзгермеді

808

Аталмыш ведомствоның қараша айындағы шолуы бойынша бидайды экспортқа шығару болжамы қазан айымен салыстырғанда 6,3 млн тоннадан 6,5 млн тоннаға өскен, импорт болжамы 200 мың тонна деңгейінде тұрақтап қалған.  

АҚШ министрлігінің қазақстандық бидай өндірісіне қатысты болжамы өзгермеді

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы биылғы (2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың маусымы аралығы) бидай өндірісі 12,5 млн тонна деңгейінде болады деген болжамын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Осы ретте қаңтардағы шолуда астық экспорты желтоқсанмен салыстырғанда 6,7 млн тоннадан 6,8 млн тоннаға көбейеді деген болжам жасалған. Бидай импортының болжамы да 300 мың тоннаға дейін ұлғайған.

2021 жылдың 1 шілдесінде қоймаға келіп түсетін астық 0,73 млн тонна деп есептелген. 

Биылғы ауыл шаруашылығы жылында Қазақстанның экспорттық әлеуеті 7-8 млн тонна астық және ұн (астық эквивалентінде) деп бағаланған.

2020 жылы егін жинау қорытындысында орташа шығымдылығы 12,8 ц/га құрайтын 20,1 млн тонна астық бастырылған.

Аталған министрліктің дерегінше, егін жинау көрсеткіші биыл таза дақыл салмағымен есептегенде 18,5 млн тоннаға жетеді. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 17,4 млн тоннаны (2018 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға төмен) құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу