АҚШ мөлшерлемені 0-0,25% деңгейінде қалдырды

919

Жұмыспен қамту деңгейі көтерілмейінше және инфляция 2%-ға жетпейінше, өзгертілмейді.

АҚШ мөлшерлемені 0-0,25% деңгейінде қалдырды

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені 0-0, 25% деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Комитет мөлшерлеме диапазонын 0-0,25% деңгейінде бекіту туралы шешім қабылдады. Жұмыспен қамту деңгейі көтерілмейінше және инфляция 2%-ға жетпейінше, өзгертілмейді", – деп жазылған реттеушінің мәлімдемесінде. 

ФРЖ қазынашылық облигацияларды ай сайын кемінде 80 миллиард долларға, сондай-ақ кепілхаттармен қамтамасыз етілген бағалы қағаздарды ай сайын кемінде 40 миллиард долларға сатып алуды жалғастырады. Комитеттің пікірінше, егер экономиканың қалыпқа келу қарқыны күшейсе, активтерді сатып алу азырақ жүзеге асырылады.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу