АҚШ мөлшерлемені өзгерткен жоқ

1070

Еңбек нарығындағы жағдай реттелмейінше және инфляция деңгейі 2%-ға дейін жетпейінше қазіргі диапазон сақталады. 

АҚШ мөлшерлемені өзгерткен жоқ

АҚШ-тың Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені 0-0, 25% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz реттеушінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.  

"Комитет мөлшерлеме диапазонын 0-0,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Еңбек нарығындағы жағдай реттелмейінше және инфляция деңгейі 2%-ға дейін жетпейінше осы диапазон сақталады", – деп жазылған хабарламада.

Реттеушінің мәліметінше, вакцинация процесінің қарқынды түрде жүргізілуі мен саяси қолдаудың арқасында экономикалық белсенділік артып, жұмыспен қамту көрсеткіштері өскен. Пандемиядан зардап шеккен секторларда да оң динамика байқалады, бірақ олар толықтай қалпына келмеген. 

Федералды қор жүйесі ай сайын активтерді 120 млрд долларға, соның ішінде US Treasuries-ті 80 млрд долларға және ипотекалық облигацияларды 40 млрд долларға сатып алу процесін жалғастырады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу