АҚШ мұнайы Азия нарығында Таяу Шығыс мұнайын ығыстырып тастады

1046

АҚШ мұнайы Азия нарығында Таяу Шығыс мұнайын ығыстырып тастады

Британияның BP мұнай-газ компаниясы Жапонияның TonenGeneral Sekiyu кәсіпорнына АҚШ мұнайының бірінші партиясын наурыз айында жөнелтеді. Бұл туралы reuters хабарлайды деп жазады egemen.kz.

Басылымның хабарлауынша, TonenGeneral компаниясы әзірге бұған қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр.

Азия нарығында АҚШ мұнайы үлесінің артуы Таяу Шығыстың Брент маркалы мұнайының қымбаттауынан болып отыр. Бренттің қымбаттауына, өз кезегінде ОПЕК елдерінің өткен жылдың соңында мұнай өндірісін азайту туралы шешімі әсер етті.

Қазіргі таңда Dubai маркасы өте қымбатқа бағаланып жатыр. Өткен жылдың соңынан бастап АҚШ-тың WTI мұнайымен қатар саудалана бастаған мұнай маркасы трейдерлер үшін тым қымбат болып тұр.

Нәтижесінде Азия нарығында АҚШ мұнайына сұраныс артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу