АҚШ Навальный ісі бойынша Ресейге қарсы санкция дайындап қойды

676

Енді шектеуді енгізу үшін елдегі биліктің негізгі органдары қол қоюға тиіс.

АҚШ Навальный ісі бойынша Ресейге қарсы санкция дайындап қойды Фото: ria.ru

Құрама Штаттар ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына байланысты Ресейге қарсы санкция дайындады. CNN телеарнасының дерегінше, оны ресми түрде енгізу үшін мемлекеттік биліктің негізгі органдары мен қазіргі президент Дональ Трамп қол қоюы тиіс.

Еске сала кетсек, 21 желтоқсанда Навальный арнайы қызметте жұмыс істейтін Константин Кудрявцевпен телефон арқылы сөйлескені жазылған видеоны өзінің Youtube-тағы парақшасына жүктеген болатын. Оппозиционер онымен сөйлесу барысында өзін қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы әрі ФҚҚ-ның бұрынғы директоры Николай Патрушевтің көмекшісі Максим Устинов ретінде таныстырған. Желтоқсан айында Навальный мен АҚШ-тың CNN арнасы, Германияның Spiegel басылымы, Bellingcat порталы бір уақытта оның улануына қатысты материал жариялаған еді. Олардың дерегі бойынша, ФҚҚ-ның сегіз қызметкері саясаткерді бірнеше рет уламақ болған.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі оппозиционер жүктеген видео ведомствоның беделін түсіруге бағытталған арандатушылық деп мәлім етті.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу