АҚШ Навальный үшін Ресейге санкция салуы мүмкін

646

Бірқатар лауазымды тұлғаның активтері бұғатталуы ықтимал.  

АҚШ Навальный үшін Ресейге санкция салуы мүмкін

Құрама Штаттардағы қос партияның сенаторлары оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына байланысты бірқатар ресейлік шенеунікке санкция салуды ұсынды.

Олар РФ шенеуніктері халықаралық құқықты бұзды, Навальный ісіне қатысы бар деген пікірде. Осы орайда сенаторлар заң жобасын да шығарған. Әзірге нақты кімдерге шектеу енгізілетіні жарияланбады. Белгілісі: ресми тұлғалардың активтері бұғатталып, виза берілмеуі мүмкін.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп баспасөз мәслихатында Навальныйға қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан еді. Мемлекеттік хатшы Майк Помпео болса, оқиғаның жай-жапсары анықталған соң, Вашингтон міндетті түрде әрекетке көшетінін мәлім етті. Кейін америкалық президенттің баспасөз хатшысы АҚШ оппозиционердің улануын сынға алғанын, ешқандай жағдайда химиялық қаруды қолдануға болмайтынын жариялады.

Табиғатт Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу