АҚШ көші-қон мәселесі жөніндегі Нью-Йорк декларациясынан шығатын болды, деп хабарлайды 24.kz.
Биліктің мәлімдеуінше, құжатта америкалықтардың мигранттарды қабылдау саясатына қайшы келетін тұстар көп. АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінде хабарланғандай, Вашингтон шекарасын қалай бақылап, елге кімнің кіруіне рұқсат беретінін өзі шешеді.
Айта кеткен жөн, Нью-Йорк декларациясы 2016 жылдың қыркүйегінде БҰҰ-ға мүше 193 мемлекетпен бірауыздан мақұлданған. Оның аясында келер жылы ауқымды келісім қабылдануға тиіс еді. Ол босқындардың құқығын қорғап, олардың білім алу және жұмысқа тұруын қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда америкалықтар құжат бұрынғы президент Барак Обама кезінде мақұлданғанын айтады. Ал Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің бұл мәселеге қатысты көзқарасы өзгешелеу.