АҚШ Мемлекеттік департаменті Оңтүстік Африкаға көрсетілетін көмектің үлкен бөлігін дереу тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.
"Барлық бюро, офис және миссиялар Оңтүстік Африкаға көмек көрсету немесе қолдау көрсету бойынша барлық міндеттемелерді орындауды тоқтатуы тиіс", – делінген Мемлекеттік хатшы Марко Рубио қол қойған құжатта.
Бұл шара Оңтүстік Африканфң Израильге қарсы БҰҰ Халықаралық сотында талап арыз беруі, Претория мен Тегеранның арасындағы тығыз байланыстарға жауап ретінде қабылданған. АҚШ әкімшілігінің пікірінше, Оңтүстік Африка Республикасының әрекеттері америкалық сыртқы саясатты әлсіретіп, оның одақтастарына қауіп төндіреді, сондай-ақ белгілі әлеуметтік топтардың құқықтарын айтарлықтай бұзады.
Екі ел арасындағы жағдайдың өзгеруіне Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Оңтүстік Африканы ақ нәсілді азаматтарды кемсіту үшін жер туралы жаңа заң қолданды деген айыптауынан басталған. Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса бұл мәлімдемелердің жалған екенін айтты.