АҚШ өкілі Ники Хейли Fox News эфирінде америкалық спортшылардың 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиадаға қатыспауы да мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұл шешім Солтүстік Кореямен болып жатқан қақтығысқа байланысты болып тұр. Эфир кезінде америкалық спортшылардың олимпиадаға қатысуына байланысты сұраққа: "Сұрақ әлі шешілмеді. Бұл туралы ештеңе естімедім. Әңгіме Солтүстік Корея немесе Иерусалим туралы болса да, біз үшін маңыздысы өз азаматтарымызды қорғау", - деп жауап берді Хейли.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу