АҚШ қазақстандық креминий импортына қатысты тергеуді жалғастыруда

852

АҚШ қазақстандық креминий импортына қатысты тергеуді жалғастыруда

ҰЭМ қазақстандық креминий импорты бойынша тергеу аясында АҚШ-пен белсенді ынтымақтастық жасауда. Бұл туралы ведомство вице-министрі Бауыржан Бекешов айтты деп хабарлайды LS.
ҰЭМ өкілі бұл іске қатысты тергеу канадалық және америкалық өкілетті органдармен 2017 жылы басталғанын еске салып өтті. 
"Арыз берушілер – Канада мен Американың осындай өнім шығарушылары. Олар Қазақстан импорты өздерінің өндірісіне шығын әкеледі деп есептеген. ҰЭМ тергеу барысында Қазақстанның өкілетті органдарымен бірлесіп нақты жұмыс жасады. Канадалық және америкалықтармен байланысты бір ізге қойдық, қазір олармен  тұрақты түрде кеңес беру және кездесу жүргізіліп жатыр", – деді ол. 
Өткен жылдың жазында ведомство Канаданың шекара қызметі агенттігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырған. Ведомство өкілінің айтуынша, делегация өкілдеріне кремний өндіретін кәсіпорынға барып, оның жұмысымен танысуға мүмкіндік берілген. 
"Нәтижесінде өткен жылдың қарашасында канадалық органдар қазақстандық кремнийге қатысты шара қолданбай, тергеуді аяқтау туралы шешім қабылдаған. Ал америкалық органдарда бұл тергеу әлі жұмыс сатысында. Оның қорытындысы бойынша ақпаратты қосымша хабарлайтын боламыз", – деп түйіндеді Бауыржан Бекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу