АҚШ Орталық Азия елдеріне Әзербайжан арқылы Ресейді айналып өту жолын ұсынды

1747

Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядан тауарлар экспортының Ресей мен Қытай арқылы емес, балама жолдармен, соның ішінде Әзербайжан арқылы өткенін қалайды. 

АҚШ Орталық Азия елдеріне Әзербайжан арқылы Ресейді айналып өту жолын ұсынды Фото: РБК

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі орынбасары Джеймс О'Брайен Конгресс Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің тыңдауында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Бұл бүкіл Орталық Азияға қатысты, барлық елдердің (осы аймақтың) әлемдік нарықтарға экспорты қазір Қытай мен Ресей арқылы ғана жүріп жатыр. Уақытша шешім үшін олар Әзербайжанмен ынтымақтасуы керек. Бір жол Грузия арқылы Қара теңізге өтеді, бірақ екіншісі, мүмкін үлкенірек, Әзербайжан, Армения мен Түркия арқылы өтеді және осы себептерге байланысты бізге Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісім қажет", — деп түсіндірді дипломат.

Жоғары дәрежелі америкалық дипломат бұдан әрі Бакуге алдағы сапары барысында Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевке "бейбітшілік орнатудың уақыты келгенін" хабарлайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу