АҚШ Орталық Азия елдеріне қосымша 14,3 млн доллар бөледі

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) әкімшісі Саманта Пауэр министрлердің аймақтық отырысында Орталық Азияға қосымша инвестициялар бөлінетіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ Орталық Азия елдеріне қосымша 14,3 млн доллар бөледі Фото: Inbusiness.kz

Самарқандта Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан үкіметтерінің қатысуымен аймақтық ынтымақтастық бойынша С5+1 формуласы бойынша кездесу өтті.

 "Министрлер кездесуі барысында Пауэр АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы серіктестікті тереңдету аясында аймаққа қосымша 14,3 млн доллар көлемінде көмек көрсететінін мәлімдеді", – деп жазылған хабарламада.

USAID 100 микро, шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау үшін 10,8 млн доллар бөледі. Жоба әйелдерді, жастарды және халықтың осал топтарына қажетті дағдыларға үйрету арқылы Орталық Азияда 8000 жұмыс орынын құруға көмектеседі деп күтілуде.

Бұған қоса, 1,5 млн доллар желідегі және БАҚ-тағы ақпараттың сапасын жақсартатын және азаматтарды жалған ақпаратты анықтау және онымен күресу дағдыларымен қамтамасыз ететін бастамаларға жұмсалады.

Тағы 2 млн доллар қосымша қаражат жеке сектордың инвестициясын арттыруға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу