АҚШ Орталық Азия елдеріне Ресейді айналып өтетін жаңа бағыт ашпақ

207

Америка Құрама Штаттары Ресей мен Қытайды айналып өтіп, Орталық Азия елдерінен Армения мен Әзербайжан территориялары арқылы әлемдік нарықтарға шығатын жаңа құрлық бағытын құру мүмкіндігін қарастыруда.

АҚШ Орталық Азия елдеріне Ресейді айналып өтетін жаңа бағыт ашпақ Фото: Panorama.am

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа мен Еуразия мәселелері жөніндегі орынбасары Джеймс О'Брайен айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Орталық Азия елдері өте бай. Қазір оларға әлемдік нарыққа шығудың жалғыз нұсқасы Ресей немесе Қытай арқылы жатыр. Егер Біз Армения немесе Әзербайжан арқылы өтетін бағытты аша алсақ, онда олар әлемдік нарықтарға қол жеткізе алады және Ресей мен Қытайға онша тәуелді болмайды", — деді О'Брайен АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасында.

Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядан тауарлар экспортының Ресей мен Қытай арқылы емес, балама жолдармен, соның ішінде Әзербайжан арқылы өтуін қалайды. Бұл туралы 26 маусымда АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Джеймс О ' Брайен Конгресс Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің тыңдауында мәлімдеді.

"Бұл бүкіл Орталық Азияға қатысты, барлық елдердің (осы аймақтың) әлемдік нарықтарға экспорты қазір Қытай мен Ресей арқылы ғана жүріп жатыр. Екі елді айналып өту үшін олар Әзербайжанмен ынтымақтасуы керек. Бір жол Грузия арқылы Қара теңізге өтеді, бірақ екіншісі, әлеуеті жоғары, Әзербайжан, Армения мен Түркия арқылы өтеді және осы себептерге байланысты бізге Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісім қажет", – деді сол кезде жоғары дәрежелі америкалық дипломат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу