АҚШ орталық банкінің шешімі мұнай бағасы мен теңгенің долларға шаққандағы бағамын төмендетті

776

АҚШ орталық банкінің шешімі мұнай бағасы мен теңгенің долларға шаққандағы бағамын төмендетті

14 маусымнан 15-іне қараған түні Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 46,85 долларға дейін арзандап кетті, деп хабарлайды naryk.kz.

Айта кетейік, соңғы рет мұндай көрсеткіш 2016 жылдың қарашасында болған еді. Артынша желтоқсан ОПЕК елдері мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге азайту туралы шешім қабылдағаннан кейін бірнеше апта ішінде шикізат құны 55 долларға дейін жақындаған.

Мұнайдың бұлайша арзандауына бүгінгі АҚШ федералды резерв жүйесі (ФРЖ) түрткі болып отыр. Бүгін АҚШ орталық банкі доллардың базалық мөлшерлемесін 0,75-1,00 доллардан 1,00-1,25 доллар аралығына дейін көтерді.

Айта кетерлігі, АҚШ орталық банкінің бұл шешімі мұнай бағасы мен теңгенің долларға шаққандағы бағамын түсіріп жібермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу