АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Джон Рэтклифф 25 тамызда Мәскеуге барғанымен, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Мәскеуде Президентпен кездесу болған жоқ", – деп жауап берді Песков.
Сондай-ақ Песков АҚШ барлау қызметінің басшысы Владимир Путинге АҚШ президенті Дональд Трамптың қандай да бір жолдауын жеткізді ме деген сұраққа қосымша түсініктеме бермеді.
Сейсенбіде CBS News тілшісі Дженнифер Джейкобс ОББ директоры Джон Рэтклиффтің таңертең Ресейге келгенін хабарлады. Flightradar деректеріне сәйкес, Мэриленд штатындағы АҚШ Әскери-әуе күштерінің Эндрюс базасынан ұшып шыққан әскери-көлік ұшағы Внуково әуежайына күтпеген жерден қонған. Ұшақ Ригада аялдаған. Сол күні кешке шамамен 9 сағаттан кейін америкалық әскери ұшақ Мәскеуден ұшып кеткен.