АҚШ өз азаматтарына Ираннан дереу кетуді ұсынды

70

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды.

АҚШ өз азаматтарына Ираннан дереу кетуді ұсынды Фото: azernews.az

АҚШ Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты үндеу жасап, өз азаматтарына бұл елден дереу кетуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Тегерандағы АҚШ-тың виртуалды елшілігі қауіпсіздік жөніндегі ескерту таратты. Хабарламаға сәйкес, америкалық азаматтарға Ираннан кету жоспарын дайындау ұсынылып отыр.

"Ираннан дереу кетіңіздер. Егер елден кету мүмкіндігі болмаса, үйде қалыңыздар немесе қауіпсіз ғимаратқа көшіңіздер", – делінген хабарламада.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мәселесін шешуде дипломатиялық жолды құптайтынын, бірақ әскери күш қолдану мүмкіндігі күн тәртібінде қала беретінін айтқан. Бұл ақпаратты Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт таратты.

Иранда наразылық акциялары өткен жылдың 28 желтоқсанында басталды. Бастапқыда бұған экономикалық жағдайлар әсер етті, оның ішінде ұлттық валютаның құнсыздануы бар. Кейін толқулар елдің көптеген қалаларына тарады.

Билік наразылықтар кезінде қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпаратты жарияламады. HRANA адам құқықтарын қорғау агенттігі қақтығыстар салдарынан 642 адам көз жұмғанын хабарлады. Бұдан бөлек 10 721 адамның ұсталғаны туралы айтылды.

Айта кету керек, бұған дейін Иран халқы интернетсіз отырғанын жазғанбыз. Иран ақшасы құнсызданып жатқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу