АҚШ Өзбекстан және Тәжікстанмен әскери серіктестік орнатпақ

739

Кирби Өзбекстандағы америкалық әскери базаны қалпына келтіруге қатысты шешім қабылданбағанын атап өтті. 

АҚШ Өзбекстан және Тәжікстанмен әскери серіктестік орнатпақ

Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан өз әскерін шығарғаннан кейін, Өзбекстан және Тәжікстанмен, сондай-ақ аймақтағы басқа елдермен әскери серіктестік орнату жағын талқылап жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Пентагон өкілі Джон Кирби мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Баспасөз мәслихаты кезінде Кирбиге Ауғанстаннан әскер шығарылғаннан кейін, АҚШ Өзбекстан мен Тәжікстанда әскери базаларын орналастырады ма деген сұрақ қойылған еді. "Мемлекеттік департаменттегі әріптестерімізбен бірлесе көрші елдермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз деп нақты айта аламын. Біз қандай мүмкіндіктер бар екенін анықтап жатырмыз. Бірқатар көрші елмен осы мүмкіндіктер туралы келіссөздер жүргізілуде", – деп жауап берді Кирби.

Ол Өзбекстандағы америкалық әскери база қалпына келтірілетіні не келтірілмейтіні белгісіз, бұл мәселе бойынша әлі шешім қабылданбағанын мәлім етті. "Бұған қатысты ешқандай шешім қабылданған жоқ. Менің ойымша, қазір болжам жасаудың қажеті жоқ. Мен қандай нысандарды және қай елдерде қолдануға болатындығы туралы егжей-тегжейлі айтпаймын", – деді Пентагон өкілі.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу