АҚШ өзбекстандық компанияға қарсы санкция салды

979

Жаңа қара тізімге Ресей, Ұлыбритания, Вьетнам, Литва, ҚХР, БАӘ, Пәкістан және Сингапур елдерінің кәсіпорындары да енгізілді.

АҚШ өзбекстандық компанияға қарсы санкция салды

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті "Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдады" деген күдікке іліккен Өзбекстанның Promcomplektlogistic деп аталатын компаниясына қарсы санкция салды. Жеке тұлғалар мен компаниялардың жаңа қара тізімі 28 маусымда АҚШ-тың Қазынашылық сайтында жарияланды. 

Promcomplektlogistic кәсіпорнының 2022 жылдың наурыз айында санкцияға ұшыраған ресейлік "Радиоавтоматика" ЖШҚ-мен байланысы бар екендігі анықталған. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, Promcomplektlogistic санкцияларды бұзып, Ресейге микросхемаларды жеткізуге көмектескен.

"Promcomplektlogistic жеке компаниясын санкциялар тізіміне қосу барлық коммерциялық ұйымдарға жасалған ескерту деп қабылдау керек. Егер санкция салынған заңды немесе жеке тұлғалармен жұмыс істесеңіз, сіздерге шектеу салынуы әбден мүмкін", – деп жазылған АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде. 

Ескере кететін жайт, жаңа қара тізімге өзбекстандық компаниямен қатар Ресей, Ұлыбритания, Вьетнам, Литва, ҚХР, БАӘ, Пәкістан және Сингапур елдерінің кәсіпорындары да енгізілді.

Табиғат Нұрболат

Фото: podrobno.uz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу