АҚШ Өзбекстанның шекара әскерлеріне 600 мың долларға арнайы техника берді

475

АҚШ Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (GBS) Шекара әскерлеріне 600 мың доллар сомасына бақылау үшін арнайы техника тапсырды.  

АҚШ Өзбекстанның шекара әскерлеріне 600 мың долларға арнайы техника берді Фото: eadaily.com

Бұл туралы "Ферғана" АА Ташкенттегі Америка елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Агенттік хабарлағандай, АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Джонатан Хеник пен өзбек шекара әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Бақтияр Мансұров 225 FLIR инфрақызыл монокулярларды беру рәсіміне қатысты.

Жабдықты АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландыратын Таратпау және қарусыздану қоры (FNR) тапсырды. Аталмыш шара - Вашингтонның Ташкентке қауіпсіздік саласындағы көмегінің бір түрі.

Өткен жылдың сәуір айында өзбек шекарашылары АҚШ-тан жалпы сомасы 2 2,25 млн болатын 50 Toyota Hilux және Fortuner автокөліктерін алды. Қараша айында АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландыратын "Серіктестердің әлеуетін арттыру" бағдарламасы аясында Өзбекстанға жалпы құны 2,8 млн болатын 50 жеңіл Polaris MRZR тактикалық жауынгерлік машиналары сыйға тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу